№ 11263  Имангалиева Айгүл
Социальная защита и занятость
07 декабря 2020

  Еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдары қашықтан білім алуға көшкендігі баршамызға аян. Қашықтан оқыту барысында оқушылар мен ата-аналарға көптеген қиындықтар кездесті. Әсіресе,саяжайда тұратын көп балалы, аз қамтылған отбасы үшін оңай болған жоқ. Өзім алты баланың анасымын, қазіргі кезде екі балам Қапшағай қаласындағы «Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-де, екі балам Қонаев мектебінде білім алып келеді. Осы қиын кезеңде көптен бері шешімін таппай келе жатқан саяжайға интернет желісін тарту мәселесін шешуге ат салысқан қала әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев мырзаға алғысымыз шексіз. Нұрлан Орынбасарұлы! Сізге барлық саяжай тұрғындары атынан алғысымды білдіремін. Еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық тілеймін!

 

Ответ


08 декабря 2020

 

Құрметті Айгүл Иманбаева, Сіздер тарапынан бұл мәселе бізге келіп түскен уақыттан бастап, Біздің жауапты бөлім қызметкерлері интернет жүйесінің жүргізілуіне бар күш-жігерлерін салып, жұмыстарын атқарды. Соның нәтижесінде өздеріңіз, 4-ші саяжай тұрғындары интернетпен қамтамасыз етіліп, қазіргі кезде кедергісіз пайдалануына мүмкіндіктер алып отыр. Қапшағай қаласы әкімдігінің мамандары мен қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, жоғары бағалауыңыз біздің бұдан да қарқынды істер атқаруымызға күш пен жігер беретіні сөзсіз. Сондықтан, кез-келген мәселелеріңіз бойынша хабарласып, жазып, пікір білдіріп отырыңыздар. Ал, біз өз кезегінде қолымыздан келгенше көмек қолымызды созатын боламыз. Сіздіңде шаңырағыңызға қуанышты сәттер көп, істеріңіз оң болсын!