№ 11285  Кульсеитова Жанар
Образование
07 декабря 2020

 

Еліміздегі эпидемиялықжағдайға байланыстыбілім беру ұйымдары қашықтықтан білім алуға көшкендігі баршамызға аян. Қашықтықтан оқыту барысында оқушылар мен ата-аналарғакөптеген қиындықтар кездесті. Әсіресе, саяжайда тұратын көп балалы, аз қамтылған отбасы үшін оңай болған жоқ. Өзім төрт баланың Анасымын қазіргі кезде екі балам Қапшағай қаласы "Қасым Қайсенов атындағы № 4 орта мектеп" МКМ-де білім алып келеді. Осы қиын кезеңде кқптен бері шешімін таппай келе жатқан саяжайға интернет желісін тарту мәселесін шешуге ат салысқан қала әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев мырзаға алғысым шексіз. Нұрлан Орынбасарұлы! сізге барлық саяжай тұрғындары атынан алғысымызды білдіремін. Еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық тілеймін!

 

Ответ


08 декабря 2020

 

Құрметті Жанар Кульсеитова, Сіздер тарапынан бұл мәселе бізге келіп түскен уақыттан бастап, Біздің жауапты бөлім қызметкерлері интернет жүйесінің жүргізілуіне бар күш-жігерлерін салып, жұмыстарын атқарды. Соның нәтижесінде өздеріңіз, 4-ші саяжай тұрғындары интернетпен қамтамасыз етіліп, қазіргі кезде кедергісіз пайдалануына мүмкіндіктер алып отыр. Қапшағай қаласы әкімдігінің мамандары мен қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, жоғары бағалауыңыз біздің бұдан да қарқынды істер атқаруымызға күш пен жігер беретіні сөзсіз. Сондықтан, кез-келген мәселелеріңіз бойынша хабарласып, жазып, пікір білдіріп отырыңыздар. Ал, біз өз кезегінде қолымыздан келгенше көмек қолымызды созатын боламыз. Сіздіңде шаңырағыңызға қуанышты сәттер көп, істеріңіз оң болсын!