Логотип

Әкімнің блогы
Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы

 Көктемнің алғашқы күн нұрымен келетін, жер бетіндегі тыныс-тіршілікке нәр беретін,  шырайлы мереке – 8 наурыз Халықаралық Әйелдер мейрамымен   Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер» -  деген болатын өз сөзінде.

Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.

Бұл сөзді түсіне білген адамға мәні зор,  мағынасы терең. Әйел қауымының жаратылысы нәзік болғанымен арқалар жүгі ауыр, жауапкершілігі мол. 

Нәзік жандар адамзатқа өмір сыйлап, ел дамуына үлес қосар азаматтарын дұрыс тәрбиелеп ұрпақтар жалғастығын жалғап келе жатқаны анық.

Міне, бүгін де ертеңгі ана болар қыздар, отағаларының сүйікті жары, немересінің көсегесін көгеруін тілеп отырған әжелеріміз қазақ халқын әр қырынан көрсетіп, әр салада жеткен жетістіктерін қала, облыс, республика, әлем елдеріне танытып келеді. 

Олардың арасында білімі мен көркі келіскен, іскерлігі мен отбасында жарасымды жұп, өнегелі жар атанған қапшағайлық аруларымыз да аз емес. 

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі, адал жар, қамқор ана, сенімді дос.

Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән берілген. 

Қадірлі Аналар!

Ардақты әжелер!

Аяулы арулар! 

Сіздердің ел игілігі, отбасы берекесі, ұрпақ келешегі үшін жұмсайтын күш-жігерлеріңіз қуат көзіне айналып, әр бастамаларыңыз жемісті болсын!

Өмірлеріңіз мәнді, шаңырақтарыңыз берекелі, денсаулықтарыңыз зор болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз өркендей берсін!!! 

Көктем мерекесі құтты болсын!

Танымал жаңалықтар


Далее

Қосқұдық ауылының тұрғындарымен кездесу сұрақ-жауап форматында өтті

Жиналғандарға алдымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қысқаша баяндалып, өткен жылдың көрсетк
15.03.2022

Далее

Бекітілген кестеге сәйкес кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Жеке кездесуде тұрғын үй мәселесі қаралып, соның ішінде жеңілдетілген несиемен «Бақытты отбасы» бағд
05.03.2022

Далее

Кезекті кездесу.

Қоғамдық қабылдауда тұрғын үй, жер, пәтер кезгі бойынша мәселелер көтерілді.
04.03.2022