Қапшағай қаласының әкімің Т.Қ.ҚАЙНАРБЕКОВТЫҢ жаңа 2019 жылмен ҚҰТТЫҚТАУЫ

ПОЗДРАВЛЕНИЕ

акима города Капшагай Т.К.КАЙНАРБЕКОВА с новым 2019 годом

 Құрметті қапшағайлықтар, ардақты ағайын!

Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ерекше мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

Осы тұрғыда жаңа жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!

Біз осынау жарқын мереке үстінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз.

Осы орайда, өткен жыл еліміз үшін оның ішінде біздің қасиетті қаламыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды.  Қапшағайдың бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке қосқан үлестеріңіз үлкен.

Сол істеріңіз, алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады. Ол үшін тек қана ауызбіршілік пен тұрақтылық керек деп есептеймін.

Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызға атқарған  еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.  

Дорогие жители города Капшагай!

Вот и наступил всеми любимый и по-настоящему семейный и долгожданный праздник – Новый год!

Этот праздник во все времена связан с нашими надеждами на исполнение заветных планов и желаний, на обновление и достижение успеха.

Новый год – это время, когда принято подводить итоги, осмысливать пережитое и строить планы на будущее.

Прошедший год был успешным и для Капшагая. Ежедневным трудом капшагайцы улучшают показатели во всех сферах жизни. Мы развиваем промышленность, жилищное строительство, открываем новые социальные объекты, продолжаем работу по улучшению инвестиционного климата области. Наши аграрии получают достойный урожай.

Дорогие земляки!

Все достигнутое - это результат вашего труда и целеустремленности. Нас всех объединяет общее стремление сделать наш солнечный город богаче и краше. Всё, что мы делаем, мы делаем для наших детей - для того, чтобы они росли и жили в благополучной, безопасной и процветающей стране, в стране, где уважают старших, сохраняют традиции нашего многонационального народа, где стремятся к достижению новых целей.

Пусть новый 2019 год принесет в каждый дом и каждую семью мир и согласие, благополучие и радость, пусть будет щедрым на везенье и удачу!

Қадірлі жерлестер!

Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашан да берік, туы биік болсын! Жаңа жыл құтты болсын!